Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Коронавирус жұққан адамның карантинде оқшаулану мерзімі қысқарады

Коронавирус жұққан адамның карантинде оқшаулану мерзімі қысқарады

Коронавирус жұқтырып, үйде емделіп жатқандарды оқшаулау мерзімі екі аптадан он күнге дейін қысқарады. Мұндай өзгеріс қаңтардың 24-інен бастап енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір сарапшылар бас санитар дәрігердің тиісті қаулысының жобасын қарастырып жатыр. Ең алдымен қысқарған карантин мерзімі вакцина салдырған немесе ревакциналаудан өткен жандарға қолданылады. Яғни олар науқастармен тікелей байланыста болса, он күндік оқшаулауға алынуы мүмкін. Оған қоса ПТР тесттің теріс нәтижесі де карантин мерзімін қысқартуға сеп болмақ. Бұл тестті карантиннің жетінші күнінде тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің төрағасы:

- Егер аурудың ешбір белгісі білінбесе, бірақ ПТР тест оң нәтиже көрсетсе, осы алгоритм қолданылады. Яғни олар он күндік карантинге отыруы тиіс. Бір аптадан кейін ПТР-сынаманы қайта тапсырып, нәтижесі теріс болса, онда сол күні олар карантиннен шығып, жұмысқа орала алады. Тапсырмаған жағдайда толық он күнге оқшаулануы қажет.
21 қаңтар 2022 ж. 329 0