Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыздың қай күні қауіпті?

Наурыздың қай күні қауіпті?


Көктемде күн құбылмалы келеді. Әсіресе суық пен жылының ортасында «ойнақтап» тұрған наурыз айында ауа райына сай киініп, күтіне білу керек. Мына жайларды есте ұстасаңыз ұтылмайсыз:
 
 
Наурыздың 11-15 аралығында Ай Сатурн шоқжұлдызымен түйіседі. Бұл кезде аспан әлемінің адамзатқа, ағзаға әсері көп. Бұл аралықта табаннан сыз өткізбей, мойынды да жылы ұстаған жөн. Себебі осы кезде тиген салқын соңы төсекке таңылуға жеткізуі мүмкін. Ағзаға физикалық күш түсіру мен жарақаттану қаупі басым. Сондай-ақ улану сынды қауіп бар деседі.
 
Айдың 15-16-сында омыртқа мен буын ауруларынан зардап шегетіндердің ден­саулығына күтім жасағандары дұрыс. Ал тері мен тіс ауруларын бұл күні емдеу оңды нәтиже бере қоймас. Бастаған істі аяқтауға қолайлы сәт.
 
Наурыздың 16-20-сы күндері Ай Плутонмен түйіседі екен. Ол созылмалы сырқаттардың «сырқырауы» арқылы сезіледі. Аяқ-қол қақсауы, қуықасты безі қабынуы, буындардың қақсауы да осы кезде үдейді екен. Сақтану үшін физикалық ауыртпалықты азайтып, жылы киініп, жүйкені шаршаудан сақтау ұсынылады.
 
Күн мен түн теңелер тұстағы 20-22-сі кезінде Күн Тоқты шоқжұлдызының ықпалына өте бастайды. Ал Ай Нептунмен түйіседі. Бұл кезде түрлі жарақат, тұрмыстық химиядан улану қаупінен сақ болған жөн. Ұрлық-қарлық, тонау сынды тосын жайлардан сақтану ләзім.
 
22-ші наурыз. Бұл кезде табиғатта үлкен өзгерістер болып жатады: Ай Меркурий мен Уранның түйісер сызығымен қапталдасады, қыс көрпесін сыпырып, көктем лебін сездіреді. Балықтар шоқжұлдызы орнын Тоқтыға ұсынады. Осының бәрі адам ағзасына әсер етеді. Сезімтал жандарда ол бас пен тіс ауруы, ұйқысыздық, көздің талуы, қажу, мазасыз ой түрінде білінеді. Жол жүргенде, көлікте қауіпсіздікті сақтау керек. Жаныңыз бен санаңызды сейлінше тынықтырған жақсы. Бұл кездегі күтім мен миды тынықтыру жылға азық болады.
 
Айдың 24-30-ы аралығында салқын су ішу, балмұздақ жеу, желең киінуге асықпағаныңыз орынды. Дайын ас өнімдерін тұтынарда жарамдылық мерзімі мен сақтау тәртібін қадағаламасаңыз, улану қаупі бар. Дәрі-дәрмек жайлы да солай деуге болады. Күніне 15 минут күн мен ауа ваннасын қабылдап, жарты сағат физикалық белсенділік таныту өзіңізге пайдалы.
 
30-31-ші наурыз. Көктемнің толық күшіне мінетін уақытында бауыр, ас қорыту жүйесінің жұмысына ауырлық түседі. Ащы, тұзды ас, спиртті ішімдіктен бас тарта тұрыңыз. Бұл күні жыл бойғы жоспарыңызды рет-ретімен қағазға түсіріп қойсаңыз, тезірек орындалуына жол ашқанмен тең.
 
Биылғы наурыз айының адам мен айналаға осындай әсері бар көрінеді. Бекер айтылмаған шығар, жадыңызда жүрсін.
 

Е. ЕРКЕЖАН.
http://www.zamana.kz/
27 наурыз 2018 ж. 894 0