Қызылордалық ғалымдар күріш қауызынан кремний диоксидін алу технологиясын әзірледі

«Кремний диоксиді шыны, керамика, абразив, бетонды жабдықтар, тіс пастасы, косметика, оптоталшық және т.б. өндірісінде қолданылады. Әдетте кремний диоксидін құмнан алады, біз күріш қауызынан, яғни қалдықтан алу технологиясын жасадық. Күріш қауызын майдалап, кептіріп, микротолқындық сәулелендіру жағдайында тұз қышқылымен өңдейміз. Осылайша бейорганикалық қоспаларды бөліп алу үдерісін жылдамдатып, күріш қауызын муфельді пеште сатылап 300 ºС-дан 800 ºС-ға дейін күйдіруді іске асырамыз. Нәтижесінде тазалығы 100 % кремний диоксиді алынады», – деді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Нұрбол Аппазов.
Ғалымдар күріш қауызын қолданудың басқа да рационалды жолдарын іздестіруде.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің
медиа орталығы