Төтенше жағдайлар министрі үндеу жолдады
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қазақстандықтар ауа райы нашарлап, жол жабылатыны туралы хабарламаларды ескермеуіне қатысты үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, жаңа жыл қарсаңында құтқару бөлімшелері күшейтілген қызмет түріне және жоғары дайындыққа көшкен.
Министрдің айтуынша, жаңа жыл қарсаңында құтқару бөлімшелері күшейтілген қызмет түріне және жоғары дайындыққа көшкен.
Ведомство басшысы қазақстандықтарға ауа райы нашарлап, жол жабылатыны туралы хабарламаларды ескермеуіне қатысты үндеу жасады."Қыс басталғалы бері 173 ескерту жарияланған, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар 35 рет жабылған, автокөліктердің жүруіне алты рет шектеу қойылған. Қабылданған шараларға қарамастан, құтқарушылар 27 адам, оның ішінде 3 баланы құтқарып, 74 адамды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялаған", - деді Ильин ОКҚ брифингінде.
"Өз өміріңізге, жолаушылар өміріне қауіп төндіруге болмайды. Darmen қосымшасын қолданыңыз, онда төтенше жағдай мен дауыл туралы ақпарат беріледі. Алыс жолға шығар алдында жүргізушілерге көліктің техникалық жай-күйіне көз жеткізіп, ауа райына байланысты киіну қажет", - деп толықтырды Юрий Ильин.