Төтенше жағдайлар департаменті 7 жастағы қызды марапаттады

Өрт оқиғасын бірінші байқаған көршісі Сүлейменова Базаркүл өрт туралы хабарлаған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін үй иесінің қызы, №38 қазақ орта мектебінің 1 «б» сынып оқушысы, 7 жасар Мерей есімді қыз ержүректілік танытып, өз өмірін қатерге тігіп, қою қара түтіннің арасынан кәмелет жасқа толмаған бауырлары: 5 жасар Бахыт Бексұлтанды, 3 жасар Бахыт Айлинді және 1 жасар Наурызбекқызы Адинаны үйдің терезесінен сыртқа шығарып, ажалдан аман алып қалды.
Адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлылығы үшін Мерей Наурызбекқызы Бахытты 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №215-ж/қ бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қайрақбаев Алғыс хатпен марапаттады.
Сол марапатты және бүлдіршінге арналған сый-сияпатты бүгін ел мерекесі қарсаңында Мерейдің сыныптастары алдында Жалағаш ауданындағы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары оған табыс етті.