Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жексенбіге арналған ауа-райы болжамы

Жексенбіге арналған ауа-райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10 қазан, жексенбі күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, антициклон республиканың оңтүстік-батысына және батысына әсер етеді. Сондықтан ол аймақтарда жауын-шашын жаумайды.

Қазақстанның қалған аумақтарында фронттардың ықпалымен жауын-шашын жауады. Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауады.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыста және солтүстікте жел күшейеді, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және батысында тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында бұршақ жауады, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда – тұман, оңтүстік-батысында және таулы аудандарда - жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі, жел қарқыны - 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
10 қазан 2021 ж. 492 0