Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанның тоғыз облысында және Нұр-Сұлтан қаласында найзағай мен желдің күшеюіне байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда 12 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

Күндіз Ақмола облысында да жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Көкшетауда таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады. Аймақтың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі бар.

12 шілдеде түнде Атырау облысында да найзағай ойнайды. Күндіз ыстық 36 градусқа жетеді. Өрт қаупі сақталады.

Атырауда 12 шілдеде күндіз 35 градус ыстық болады.

Шығыс Қазақстан облысында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады
.
Өскеменде де найзағай ойнайды деп күтілуде. 

12 шілдеде Қостанай облысында найзағай, бұршақ, тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Кейбір жерлерде өрт қаупі сақталады.
Қостанайда 12 шілдеде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

12-13 шілдеде Қарағанды облысында найзағай ойнайды. Түнде кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысында да найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Аймақтың көп бөлігінде өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай айнап, өңірдің басым бөлігінде өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Осы күні Петропавлда найзағай ойнайды деп күтілуде. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

12 шілде 2021 ж. 439 0