Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазушы Несіпбек Дәутайұлы дүниеден өтті

Жазушы Несіпбек Дәутайұлы дүниеден өтті

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаламгер, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті. Бұл туралы ақын Маралтай Райымбекұлы әлеуметтік желіде жазды.

Несіпбек Дәутайұлы - 1947 жылы 30 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1972—1980 жылдары аудандық «Қордай» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші болған. «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры болды.

Таңдаулы көркем шығармаларға арналған республикалық жабық бәйгелердің жүлдегері, Ғ.Мұстафиннің 100 жылдығына байланысты үздік әңгімелерге арналған әдеби бәйгенің бас жеңімпазы. ҚР Ұлттық кітапханасы өткізген «Ең үздік роман» байқауында «Құдірет пен қасірет» романы жүлдеге ие болған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Қазақ әдебиеті» газетінің проза жанры бойынша лауреатві. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және Астананың 10 жылдығына арналған медальдармен марапатталған.

30 тамыз 2021 ж. 395 0