Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Асқар Мамин вакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды

Асқар Мамин вакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин барлық өңірлерге вакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Пандемиядан шығудың маңызды жолы вакцинация болып қала береді. Қазіргі уақытта барлығы 5,9 миллионнан астам адам бірінші компонентпен егілді, екінші компонентпен 4,5 миллионға жуық адам егілді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Вакцинациялау қарқынын күшейту қажет, әсіресе бұл мәселені Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының әкімдері бақылауға алуы тиіс. Сондай-ақ барлық өңірлерде эпиджағдайды бақылауда ұстау керек», деді Үкімет басшысы.

Ол, сондай-ақ, мониторинг топтарының жұмысын жандандыруды тапсырды. Халық шектеу шаралары мен бетперде режимін сақтауы тиіс. Оның айтуынша, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар Ashyq жобасына қатысатын нысандардың санын кеңейту тапсырылды, бұл пандемия кезінде жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді. Қазір жобаға қатысушылар саны - 101 мыңды құрайды.


11 тамыз 2021 ж. 549 0