Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Google – дің мансапта табысқа жетуге берген кеңестері

Google – дің мансапта табысқа жетуге берген кеңестері


Эрик Шмидт пен Джонатан Розенбергтің «Google қалай жұмыс істейді?» кітабына сүйеніп жазылды...
Бізден мансапқа байланысты жиі кеңес сұрайды. Бизнесін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, оқу орнын енді ғана аяқтаған студенттер, бәрі дерлік өмірде өз жолын тауып, жетістікке жеткісі келеді. Егер бізді бақытымызға орай, университет бітірушілері алдында баяндама оқуға шақырса, онда ол мынадай болар еді.

Мансапқа құдды бір серфингпен айналысқан сияқты қараңыз

Джонатан бизнес мектебінде (wharton business school) оқып жүргенде, продакт менеджмент саласына қызығып, көптеген компаниялардың қызметкерлермен өткізген бірнеше презентацияларына қатысқан. Солардың бірі тұрмыстық химия (сусабын сияқты заттар) тауарларын өндіруде жетекші компания болды. Олар өз бизнестерінде продакт менеджментті, нақты мәліметтерге сүйенген ғылым ретінде қарастырды яғни нарықты зерттеу мен тұтынушының тауарға берген мінездемесіне қарай сипаттады. "Елестетіп көріңіз, сіз айнаға қарап, артқы жақты көріп тұрып, алдыға жылжып келесіз", — деді олар бұның жақсы екендігін білдіріп.
Содан кейін Джонатан Кремний алқабындағы жоғары технологиялар саласында алдыңғы қатарлы компаниялардың бірінің презентациясын көрді. Олар Кремний алқабындағы продакт-менеджмент — "Ф-16" - мен ұшуды" еске түсіретіндігін растаған.
Бизнесте, әсіресе жоғары технология саласында істеген ісіңізде мықты маман ғана болу, жеткіліксіз. Сіз ең болмаса үлкен толқындардың нақты біреуін ұстап, онымен жағаға дейін сырғанау керексіз. Оқу орнын енді ғана аяқтаған студенттер, жұмыс іздеген кезде алдымен компанияға, содан кейін жұмысқа, тек сосын ғана өзінің қызметіне назар аударады. Алайда бұл мансап жолында мүлдем дұрыс емес тәртіп. Дұрыс құрастырлыған тәртіп бойынша, бір ғана мағынаға ие. Мансап жолында компанияларды ауыстыру оңай, алайда қызметті ауыстыру қиын. Жұмыс орныңызды серфингпен айналысатын жер деп елестетіңіз. Ал компания сіз сырғанайтын толқындарды ұсынады. Сіз әрқашан ең үлкен, ең үздік толқындар болатын жерде болу керексіз.
Егер көңіліңізде болмаған компанияны таңдасаңыз немесе бастығыңыз нашар болып шықса, бірақ команияның "толқындары" мықты болса, бұл жағдайдан да рахаттана аласыз. Кері жағдайда, яғни мансабыңыздың басынан-ақ бұрыс бағытты таңдасаңыз, онда өсуіңіз компанияның ішкі мүмкіндігімен шектеліп қалады.

Әрдайым технологияның тілін жетік білетіндерге құлақ асыңыз

Сіз қай салада болатыныңызды таңдағаннан кейін, енді компания таңдау керек. Ал компанияны таңдағаннан кейін, технологияның тілін білетіндердің сөзіне құлақ асыңыз. Көптің арасында технология қандай бағытта дамып жатқандығын, оның бизнес саласына қалай әсер ететінін өзгелерден бұрын аңғаратын данышпан әрі жасампаз адамдар бар. Билл Гейтс пен Полл Аллен микросхемалар мен компьютерлер келешекте арзан болатынын елден бұрын түсінді. Сондықтан бағдарламалық қамсыздандыру болашақ ақпараттық технологиялардың кілті болатындығын ұғынып, Microsoft-тың негізін қалады. Чад Херли арзан видеокамералардың түсірген өнімдерін интернетке шығуға мүмкіндік беру және мәліметтерді сақтаудың форматын өзгерту арқылы көңіл көтеру саласындағы видеоның рөлін айқын көре білді. Солай ол Youtube желісінің негізін қалағандардың бірі болды. Марк Бениофф қуатты бағдарламалық қамсыздандыру бұлтта орналасатындығына сенді. Осы сенім негізінде ол salesforce.com негізін қалады. Рид Хоффман интернеттің байланыстыратын күші өз ісінің шеберлері үшін өмірлік мәні бар екендігін білді, солай LinkedIn құрды. Стив Джобс келешекте компьютерлер тұтынуышлар үшін аксесуарлардың бірі болатындығын алдын-ала көре білді. Ал енді данышпан әрі жасампаз адамдар кімдер? Айналадағы қалың адамдардың ішінде қайсы адам технологияның тілін білетіндігін қалай аңғаруға болады? Сіз оның өмірбаянына көз салу арқылы аңғара аласыз. Әдетте мұндай адамдар мансап жолын бастамай тұрып-ақ, технология мен кәсіпкерлік саласында өздерін таныта бастайды. Рид Хоффман ең алғашқы жұмысқа 12 жасында орналасқан. Жасөспірім Рид компьютер ойындарын жасайтын бағдарламашылардың біріне оның ойынының көшірме нұсқаулығын көрсетіп, бұдан әрі ойынды қалай дамытуға болатындығын көрсеткен. Бұл жерде ол жұмыс іздемеді, жәй ғана ойынды жетілдіргісі келді. Марк Бениофф 15 жасында алғашқы компьютерлік ойынын сатып, компания құрған.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы — белгілі мысалдар. Дегенмен әлемде жетістігі жайлы көп ешкім біле бермейтін, көптеген данышпан әрі жасампаз адамдар бар. Олар сізді ең үздік толқындарға жеткізеді. Соларды тауып, (жұмысқа) алыңыз, оларды жіберіп алмауға тырысыңыз.

Мансабыңызды алдын ала жоспарлаңыз

Мансапта өсу — күш жігер мен алдын ала жоспарлауды қажет етеді. Бұл анық нәрсе. Дегенмен, бір таңқаларлығы бұрын талай сәтсіздікке ұшырағанан кейін, жетістікке жету үшін көптеген адамдар бізге келеді. Әдетте мұндай адамдарға Джонатан бірқатар тапсырмалар беріп, онымен бірге өзінің сүйікті нақыл сөзі «Өмір су құбырына ұқсайды: «сыртта не алатыныңыз ішке не бергеніңізге байланысты» деген сөзді қоса айтады. Егер осы тапсырмаларын бұлжытпай орындаса, ол мансап жолында көмектесетініне уәде берді.
Мансабыңызды алдын ала жоспарлау үшін бірнеше кеңестер:
Сіз үшін мінсіз жұмыс деген қандай? Қазіргі емес, бес жылдан кейінгі арманыңыздағы мінсіз жұмыс қандай, сол жайлы ойланыңыз. Қайда жұмыс істегіңіз келеді?  Немен айналысқыңыз келеді? Табысыңыз қанша? Қызметіңіздің міндеттерін жазыңыз: егер сіз сайттан өзіңіз қалаған вакансияны көрсеңіз, онда не жазылып тұруы мүмкін? Ал енді ойша уақытты 5-6 жылға алдыға жылжытып, осы жұмыста істеп жүргеніңізді елестетіңіз. Бес жылдан кейінгі сіздің түйіндемеңіз қалай көрінеді? Сіз осы қызметке қол жеткізу үшін қандай жолдардан өттіңіз?
Өзіңіздің мықты және әлсіз тұстарыңызды талдаңыз. Өзіңіз қалаған қызметке қол жеткізу үшін сізге қай қабілетіңізді дамыту керек? Бұл жерде сізге бастығыңыз, әріптестеріңіздің сіз жайлы пікірлері көмектесе алады. Ең соңында, сіз осы қызметке қалай қол жеткізесіз? Сізге қандай дайындықтардан өту қажет? Қаншалықты тәжірибе жинақтау керек?
Айтпақшы, егер сіз армандаған мінсіз жұмысқа бүгіннен бастап-ақ дайынмын деп ойласаңыз, онда тым алысқа кеттіңіз.  Алдымен басынан бастаңыз, мінсіз жұмыс сізге оп-оңай қол жеткізетін нәрсе емес, еңбекпен жететін нәрсе болу керек. Мінсіз жұмыс сіздің барар соңғы жеріңіз  болуы қажет.
Егер сіз жоғарыда аталғандардың бәрін орындасаңыз, онда ол сізге өз жемісін береді.

Статистика — бұл жаңа пластика

Біз ақпараттар тоғысы заманында өмір сүрудеміз. Ақпараттар қаншалықты көп болса, соған сай оны реттейтін, сараптама жасайтын мамандар қажет. Ақпарат  — XXI – ғасыр қылышы. Кім оған мықты иелік етсе, сол — самурай. Сондықтан өз қылышыңызды ақпараттық соғыстарда пайдаланып, статистикамен айналысыңыз. «Мен математикадан нашармын!» деге сөзді біз естігенбіз. Әсіресе, сен -  иә, артқы партада отыратын сен. Уайымдама, шығар жол бар. Сұрақ қойып, жауап ала білу маңызды әдіс. Сіздің бизнесіңіз қандай екені маңызды емес, бастысы дұрыс ақпараттарға, дұрыс сараптама жасап, дұрыс шешім қабылдауды үйреніңіз. Математиканы жетік білетіндерге сұрақты дұрыс қойсаңыз, жауаптарды да дұрыс аласыз. Осыны үйреніңіз. Тіпті сіз матемаикадан мықты болмасаңыз да, ақылды болу үшін сандарды пайдаланып үйрене аласыз.

Оқыңыз

Көптеген мекемелерде жазба ақпараттардың қоры сақталған. Олардың ең үздігін таңдап, оқыңыз. Google–де бізден нені оқу қажеттігін сұраған адамдарға әрдайым ұсынамыз: 2004 жылы IPO арналған негізін қалаушының хатын және Эрик пен Ларри құрастырған бүкіл ішкі стратегиялық құжаттарды оқып шығуға ұсынамыз. Оның ішінде ең нақты ақпараттар, біздің құндылықтарымыз бен стратегиямыз қысқаша баяндалған. Дегенмен, көбісінің мұның бәрін оқуға қолдары тимейді. Олардың қателігін қайталамаңыз.
Өз компанияңызды шектемеңіз. Интернетте жазба ақпараттар өте көп. Олардың басым көпшілігі құр бос сөз болғанына қарамастан, одан пайдалы ақпарат табуға да болады. Анықтаңыз сіздің арсеналыңыздан әртүрлі құралдарды пайдаланып, сіз құрметтейтін автор мен сайтқа қалай жол ашуға болатынын, қарастырыңыз. Қызығушылығыңызға қарай ақылды жасампаздар тобын жасақтап,  кітаптар мен мақалалармен алмасыңыз. Өз салаңда табысқа жетудің бірден-бір тәсілі — сол салада барынша көп білу. Ал білім алудың ең тиімді жолы — оқу. Әдетте адамдар кітап оқуға уақыттары жоқ екендігін жиі айтады. Бірақ бұл шын мәнінде уақыттың жоқтығы емес, өз бизнесі жайлы барынша көп білуге тырыспайтындығын білдіреді. Өз бизнесі жайлы кімнің көп оқитынын білесіз бе? CEO (компания басшысы). Сондықтан CEO сияқты ойланып, сол сияқты оқыңыз.

«Лифтке арналған өз сөзіңізді» жаттаңыз

Елестетіп көріңіз, дәлізде бастығыңыздың бастығымен кездесіп қалдыңыз. Немесе тіпті CEO-мен кездестіңіз деп алайық. Ол сізден немен айналысып жүргеніңізді сұрады. Сіз не деп жауап бересіз? Бұл риторикалық сұрақ емес, сондықтан оған дәл қазір жауап беріңіз. Қане. Сіздің 30 секунд қана уақытыңыз бар.
Оййй, онша емес болып естілді. Сіз жақын уақытта «лифтке арналған өз сөзіңізді» қайталамапсыз. Онымен жұмыс істеңіз. Ол қазір тура осы уақытта сіздің немен айналысып жүргеніңізді білдіру керек. Барлық қажетті ақпараттарды жинақтап, сенімді түрде айтуға жаттығыңыз.
Жұмыс іздеп жүргендерде өзінің «лифтке арналған сөзі» болу қажет. Ол сіздің түйіндемеңіздің қысқаша баяндауы яғни немен айналысқыңыз келетінін, сізге назар аудартарлық не нәрсеңіз барлығы, сондай-ақ компания мен тұтынушыға қандай пайда әкеле алатындығыңызды көрсететіндей болсын. Осы уақытқа дейін ешкім айтпаған, өзіңізге бірден назар аудартарлық не айтар едіңіз?

Сүйікті ісіңізбен қоғамдық жұмысты үйлестіріңіз

Бұл сөз біздің ерекше құрметтейтін бұрынғы әріптесіміз Шэрил Сендбергтің сөзі. «Ең жоғарғы салтанат — махаббатпен жасалынған жұмысты қоғамдық іспен үйлестіре білу. Бұл бақытқа апарар сенімді жол». Дұрыс. Сіз жұмысыңызды жақсы көру себебімен ғана жетістікке жете алмайсыз. Мүмкін, бұрын да естіген шығарсыз, дегенмен бұл рас. Сүйікті ісіңізбен қоғамдық жұмысты үйлестіре отырып жұмыс жасау керек деп Шэрил дұрыс айтады. Міне, сондықтан мансап жайлы сөз қозғағанда бұны соңғы бөлімге қалдыруымыздың себебі де осы.
Сүйікті ісіңді табу оңай емес. Сіз ең алғаш компанияға келіп, жұмысқа тұрғаныңызда бақытты боласыз. Кейін қызметіңіздің сіз күткендей болмағанын түсінесіз. Мүмкін сіз екі жаққа яғни «махаббат/үлес қосуға» тең назар аудармаған шығарсыз. Сіз, әрине бәрін тастап, басынан бастай аласыз.
Сіздің бес жылдан кейінгі мінсіз жұмысыңыз, «егер менде сондай болса» деген арманыңыздағы іске жақын болсын. Сіз қазір әлемнің қай бұрышында болсаңыз да, ол сізге қолжетімді. Біз қарапайым әрекеттер жасап (дұрыс мақсаттар қою) мансап жолын түбегейлі өзгерткен  көптеген адамдарды өз көзімізбен көрдік.
Қания Табыс
http://bilim-all.kz/
18 наурыз 2018 ж. 726 0