Қауіпсіздік ережесін бұзғандар айыппұл төлейді

Жазғы суға шомылу маусымында облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік шаралар жасалуда. Осы уақытқа дейін су айдындарында 611 рейд өткізіліп, 6253 адамға ескерту берілді.
Нақтырақ айтқанда, ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 34 адамға ескерту берілсе, қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген 174 азаматқа 2 млн 114 мың 825 теңге айыппұл салынып, әкімшілік шара көрілді.
«Балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, заңсыз балық аулау бойынша 200 дерек тіркеліп, оның ішінде 139 жеке тұлғаға 2 млн 209 мың 400 тг айыппұл салынды», - деді Руслан Сламбекұлы.