Министрлік: Бірінші қыркүйектен бастап мектеп дәстүрлі оқыту форматына көшпек

Ал Жоғары оқу орындарында 18 жастан асқан студенттер де вакциналануы немесе қашықтан оқытуға ауыстырылуы тиіс,-деді. Кеңес мүшелері офлайн оқуға оралу үшін санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек деп отыр.
Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР ДСМ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
Мектептердегі сақтық шаралары бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды, сыныптарды бөлуді және әртүрлі сыныптар үшін үзіліс уақытын бөлуді, асханада тамақтану барысына бақылауды күшейтуді қамтиды.
Ал Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, 1 қыркүйектен бастап, 7,5 мыңға жуық мектепті ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындауға арналған "Жол картасы" аясында биыл 200 мектеп салу және 1 мың мектепті жаңарту міндеті тұрғанын атап өтті.
Шолпан КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Барлық мектептерде талаптарды сақтау үшін әр сыныпта 25 баладан аспайтын талаптар қойылды. Әр ата-ана санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауы үшін арнайы жұмыстар жүргізілуде.