Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджеттен техникалық және кәсіптік кадрлар даярлау үшін 3108 орын бөлінді

Бюджеттен техникалық және кәсіптік кадрлар даярлау үшін 3108 орын бөлінді

Қазір облыста 30 колледж бар. Онда аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандық бойынша 19775 студент білім алуда. Алдағы 2021-2022 жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлау үшін жергілікті бюджеттен 3108 орын мемлекеттік тапсырыс бөлінді.

- Биыл 9-11 сынып оқушыларынан мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға құжаттар қабылдау күндізгі бөлімнің мамандықтары үшін 25 маусым мен 25 тамыз аралығында өтеді. Ал орта буын мамандықтары үшін 25 маусым мен 20 тамыз аралығында құжат қабылданады. Сонымен қатар, оқудың кешкі және сырттай нысанына - 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында, педагогикалық мамандықтар – 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында құжат тапсыра алады, - деді Ақзира Қасымова.

Талапкерлерді оқуға қабылдау үшін құжаттар «Egov» және «CollegeSmart Nation» электронды порталдары арқылы жүзеге асады. Яғни, талапкер өтініш, білімі туралы құжаттың көшірмесі, 3х4 фотосурет және У-086 медициналық, мүгедектігіне байланысты арнайы үлгідегі медициналық анықтама тапсырады. Бүгінде аймақтағы барлық колледж 100 пайыз аталған электронды платформа арқылы оқуға қабылдауға дайын.

- Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады. Колледжге жұмыс мамандықтары бойынша оқуға түсушілердің саны мемлекеттік тапсырысы бойынша оқуға бөлінген орындардан санынан асып кеткен жағдайда оқуға қабылдау орташа конкурстық баллға сәйкес квота санаты негізінде жүзеге асырылады, - деді Ақзира Қасымова.

Сондай-ақ, колледждердегі қабылдау комиссиясының қорытынды отырысында аудио-немесе бейнежазба жүргізіледі.
17 маусым 2021 ж. 366 0