Қызылорда облысында күріш егісінің көлемі қысқарды
Қызылорда облысында күріш егісінің көлемі 80 мың гектарға дейін қысқарады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баспасөз конференциясында мәлімдеді.
«Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудағы негізгі міндеттердің бірі – егістіктерді суармалы сумен қамтамасыз ету, жайылымдар мен шабындықтарды және Арал теңізін қоса алғанда, көлдерді уақтылы суландыру. Суармалы сумен байланысты проблемаларды ескере отырып, ауылшаруашылығы өндірісін, әсіресе, егіншілікті әртараптандыру, су ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде шараларды қабылдаудамыз. Аймақтағы топырақтың қатты тұздылығын ескере отырып, біз күріштен толықтай бас тарта алмаймыз. Дегенмен, күріштің егіс алқаптарын азайтуға жұмыс жүргізудеміз», – дейді облыс әкімі.
Аймақ басшысының айтуынша, биыл өңірде күріш егісі көлемі 89,5 мың гектардан 83 мың гектарға дейін қысқарды. Келешекте бұл көрсеткіш 80 мың гектарға дейін қысқарады.
«Бүгінгі күні күрішті суға бастыру 100 пайызға орындалды. Алдағы уақытта ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге тұрақты табыс табуға мүмкіндік беретін ылғал сыйымдылығы аз дақылдар – соя, жүгері, майлы және жемшөп дақылдарының егістігін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», – дейді Гүлшара Әбдіқалықова.
Қазіргі уақытта ауылшаруашылығына ылғал үнемдеу технологияларын енгізу қолға алынуда. Өткен жылы облыста пилоттық режимде аквагельдерді қолдану сынақтан өткізілді. Биыл бұл тәжірибені кеңейтіп, жүгері мен жоңышқа өсіру үшін жаңбырлатып суару тәсілі енгізіледі.