Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨКТЕМ ШУАҒЫ ТӨГІЛГЕН КҮН

КӨКТЕМ ШУАҒЫ ТӨГІЛГЕН КҮН


Әйел затының қарапайымдылығы мен байсалдылығы бүкіл әлемге шуағын төгіп тұрады. Бүгінде үй жағдайында тәрбиеленетін балалардың әлеуетін көтеруге мемлекет тарапынан бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ана жүрегі мейірім шуағын төгіп, төзімділігімен қатар бар қайратын балаларға жұмсайды. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партияның аудандық филиалының мәжіліс залында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарды мерекелік қабылдау болып өтті. Қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып қатысты.
Мерекелік қабылдауды аудандық мәслихат хатшысы Е.Ертарғынұлы ашып, аналарға мерекелік құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар кездесуге қатысушыларға «Нұр Отан» партия­сы аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың құттықтау хаттары мен партияның сыйлығы табысталды. Өз кезегінде аналар атынан шағандық А.Байдулдаева сөз алып, атқарушы билік өкілдеріне алғысын айтты. Ерекше құрмет көрсетілген жиында кеш қонақтары аналарға қиындық пен тауқыметті жеңуде табандылық танытқаны үшін ризашылықтарын білдірді.
Кездесу барысында аудан өнерпаздары ана туралы әндер шырқап, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
13 наурыз 2018 ж. 1 374 0