Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Редакция қызметкерлері терек талдарын екті

Редакция қызметкерлері терек талдарын екті

Бүгін сенбілік жұмыстары аясында аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы бастаған шығармашылық ұжым өкілдері терек талдарын екті.

Тал егу жұмыстары Тереңөзек кентінің орталық көшесінде, яғни Аманкелді Иманов көшесінде орналасқан редакция ғимаратының алдында жүргізілді. Қаламгерлер кент әкімдігі тарапынан берілген көшеттерге арнайы шұңқыр қазып, 10 терек талын екті.

Тал егу барысында аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы егілген талдарды күтімге алудың, уақытылы суарудың маңыздылығына назар аударды. Техникалық қызметкерлерге теректердің көктеуін тапсырып, игі іске ұжымның барлық қызметкерлері атсалысу қажеттігін атап өтті.

03 сәуір 2021 ж. 639 0