Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Бір отбасыға жәрдемдесті

Бір отбасыға жәрдемдесті

Баланың күлкісінен әдемі ештеңе жоқ! Қызылордалық Қонысовтар мен Бекішевтер отбасыларында әр түрлі жастағы балалар өсіп келеді. Олар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы ұжымының қамқорлығында. Көктемгі күн мен түннің теңесуі қарсаңында ұжым ізгі тілекпен отбасыларына азық-түлік жеткізді.

Отбасылар қала шетіндегі уақытша үйлерде тұрады, өз баспаналары жоқ. Осылайша, Тасбөгет кентің тұрғыны, жалғызбасты ана 4 жастан 16 жасқа дейінгі төрт баланы тәрбиелеп отыр. Оның тұрақты жұмысы жоқ. Әйел Қор қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдірді.

Қаланың шет аймақта тұратын тағы бір отбасы да қолдауды қажет етеді. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған үш баласы бар, олардың көру қабілеті нашар.

Айта кетейік, «Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының орталық аппаратының бастамасымен ұйымдастырылуда. Жыл сайын, жаңа жыл қарсаңында, Наурыз мерекесі, Білім күні қызметкерлер балаларға сыйлықтар дайындайды, сондай-ақ отбасыларға азық-түлік, киім-кешекпен көмектеседі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы игі істер қоржынын толықтыруды жалғастыруда.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және
өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
17 наурыз 2021 ж. 302 0