Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Оқушылардың демалысы 12 күнге созылмақ

Оқушылардың демалысы 12 күнге созылмақ

Елімізде мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 болады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады», – деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен. Сонымен қатар ведомство мәліметінше, 3-тоқсанда 1 сынып оқушылары үшін қосымша демалыс болды. Ол 8-14 ақпан аралығында 7 күнге созылды.

Еске салайық, оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызын – дәстүрлі форматта, 30 пайызын – қашықтан) форматына көшірілді.

Сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 1 наурыздан бастап мектептерде білім беру аралас форматқа көшірілді. Оған сәйкес, 1-5 сынып оқушылары түгел мектептен оқи бастады.

Фотосы: Ашық дереккөзден

09 наурыз 2021 ж. 339 0