Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлыққа қарсы жұмыстар нақтыланды

Жемқорлыққа қарсы жұмыстар нақтыланды

Бүгін "Салынып жатқан кәсіпорындардың біріккен дирекциясы" Арал филиалының" ұжымымен кездесу өтті.

Кездесуге департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айтимов Мұрат Жолдасбекұлы, Zoom платформасы арқылы «Казвадхоз» мекмесінің және онлайн режимінде барлық қалалық, аудандық оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Кездесу барысында Ғалия Ұбайдуллақызы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесі мен қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулерді атап өтті.

Сонымен қатар, Мұрат Жолдасбекұлы - 2020 жылдың 6 қазанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыруға және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бірыңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында, ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты және комплаенс-қызметтін енгізу бойынша арнайы әзірленген көрнекі құралдарды пайдалана отырып түсіндірме жұмыстары жүргізді.

Өз кезегінде мекеме басшылығы - 2020 жылғы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар жөнінде және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданып жатқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады.

Шара соңында қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, сауалдарға жауаптар берілді.



04 наурыз 2021 ж. 333 0