Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Гүлшара Әбдіқалықова, облыс әкімі: Облыста әлі де өзекті проблемалар бар

Гүлшара Әбдіқалықова, облыс әкімі: Облыста әлі де өзекті проблемалар бар

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова 2020 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша халық алдындағы есепті кездесуінде облыс әкімі қызметіне тағайындалғаннан бері 80-ге жуық ауылдық округтерді аралап шыққанын айтты, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

«Облыс әкімі қызметіне тағайындалған уақыттан бері облыстың барлық аудандарында және 80-ге жуық ауылдық округтерді аралап, жергілікті жерлердегі проблемалық мәселелермен танысып шықтым. Біз өңірді дамытудың 2021 жылға арналған 6 негізгі бағыты бойынша облыс әкімінің «Іс-қимыл жоспарын» бекіттік», – деді Гүлшара Наушақызы.

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде Қызылорда облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған. Аталған құжатқа алдағы 5 жылда аймақта шешімін табуы тиіс ең негізгі жобалар енгізілген.

«Облыста әлі де өзекті проблемалар бар. Барлығын кезең-кезеңімен шешетін боламыз. Барлығы уақыттың еншісінде», – деді аймақ басшысы халық алдындағы есепті кездесуінің соңында.
17 ақпан 2021 ж. 489 0