ЖАҢА ЖҮЙЕ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін Амбулаториялық - емханалық қызметі бар Сырдария аудандық ауруханасының мәжіліс залында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілді. Жиынды Қызылорда облыстық Медициналық сақтандыру қоры мекемесінің бас сарапшысы А.Рахымов жүргізіп отырды. ҚР Президентінің 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдауы: 7 міндетінде «Адами капитал – жаңғыру негізі» талқыланып, аталмыш жүйе жұмысын халық арасында жан-жақты түсіндіру керектігі айтылды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты заңдылықтардың өзгеруіне сәйкес ақпараттар берілді. Сонымен қатар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне байланысты «МСҚ: Халықтық бақылау» («ФМС: Народный контроль») мобильді қосымшасы әрбір смартфон ұялы телефондарын пайдаланушы тұрғын осы мобильді жүйені жүктеп алып өзі тіркелген, уақытылы медициналық көмек алып тұратын мекемесінің рейтингін қарап отыруына болатыны айттылды.
Шара соңында сала мамандары сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Б.ОРДАБЕКОВ
Пікір 2