Байқаушылар жоғары бағалады
Елімізде өткен саяси дода күрделі кезеңде өткенімен, жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын шетелдік байқаушылар айтып, бірқатарының пікірі жарияланды. байқаушылардың пікірінше Қазақстанның сайлау өткізудегі батыл қадамы көп елге үлгі болды. Шетелдк байқаушылар қазақстандықтардың белсенділігіне ерекше тоқталды.
Сайлау туралы пікір білдіргендердің бірі – Еуропалық Парламент депутаты Тьерри Мармани. Байқаушы сайлау қатаң санитарлық талапқа сай өткенін және күрделі кезеңде ұйымдастырылған саяси додада сайлаушылардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлгенін айтты.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Сыдалы Зеки Хакан Қазақстанға байқаушы ретінде екінші мәрте келегенін, бұған дейін Қазақстандағы Президент сайлауына байқаушы ретінде қатысқанын айтқан. «Сайлау жоғары деңгейде өткеніне көз жеткіздік. Халықтың жауапкершілігі де жоғары екенін байқадық. Сайлау демократиялық жағдайда өтті деп айтуға негіз бар» – дейді ол.
Ал Украина Жоғары Радасының депутаты Евгений Шевченко «Тәуелсіз байқаушы болу − үлкен абырой, адамдардың елдің саяси өміріне жауапкершілікпен қарайтыны байқалады» – деп Заң бұзушылықтар орын алмағанына назар аударған.
Саяси додадағы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен келген Польша Сеймі депутаты Томаш Ленц жастардың белсенділігі сүйсінткені және қазақстандық бақылаушылардың саны өте көп болғанын, бұл халықтың саяси белсенділігін көрсеткенін тілге тиек еткен. Мұнан басқа Чех Республикасы Парламенті депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Войтех Филип «Халықаралық байқаушы ретінде Қазақстанға алғаш рет келіп отырған жоқпын. Бірнеше сайлау учаскесін аралап шықтым. Ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ» деген.
Осындай жылы лебіз білдіргендердің қатарында Еуропалық Парламенттің депутаты Фульфио Мартушелло, Эстония Парламентінің депутаты Михаил Корб, ТМД миссиясының байқаушысы Бермет Дүйшенбиева бар. Байқаушылр пандемия жағдайында мұндай ауқымды шараны өткізу қиындығына қарамастан Қазақстанның жауапты міндетті ойдағыдай атқарғанына куә болғанын айтқан.
Бибісара ЖАНӘЛІ