Жыл кітаптары анықталды
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында қалыптасқан дәстүрге айналып келеді. Аталған жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхана 15 жыл қатарынан ұйымдастырып келе жатқан акция аясында таңдалған кітаптар республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларында кеңінен насихатталып жүр.
Жуырда 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Жоба аясында поэзия жанры бойынша Мұқағали Мақатаевтың «Өмірдастан», Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным», Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап», Серік Ақсұңқарұлының «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» жинақтары, ал проза жанры бойынша Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Періштелердің өлімі», Тобық Жармағамбетовтің «Отамалы», Тұрысбек Сәукетайдың «Желқайық», т.б. шығармалары таңдалған. Бұдан бөлек драматургия, балалар әдебиеті, аударма жанрларында да бірнеше оқылымды авторлар қамтылған.