Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жандарбек Бекшин мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауға шақырды

Жандарбек Бекшин мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауға шақырды

Бүгін Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин азаматтардан мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауды және вирустың бөлінуі тоқтағанға дейін оқшауланудан бас тартпауды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, КВИ жұқтыру ошақтарының құрылымында ауырғандардың 44%-ы қоғамдық орындарда (сауда және қоғамдық тамақтану нысандары, базарлар) және отбасыларда – 28% жұқтырған Соңғы аптада 2020 жылғы 25 желтоқсаннан басталған карантиндік стационарларда КВИ-ның жеңіл және симптомсыз түрлерімен ауыратын науқастарды оқшаулау нәтижесінде отбасындағы байланыстар бойынша ауырғандардың үлес салмағы 7,1%-ға төмендеген.

«Сонымен бірге, егер ауруханаға жатқызудан бас тарту және отбасы мүшелері арасында жұқтырудың жалғаспаса, бұл шараның тиімділігі жоғары болар еді. Осыған байланысты азаматтардан осы мәжбүрлі шараға түсіністікпен қарауды және вирустың бөлінуі тоқтағанға дейін оқшауланудан бас тартпауды сұраймыз», деді Ж.Бекшин.
Фото: Ашық дереккөзден

07 қаңтар 2021 ж. 331 0