Диетологтар жаңа жылдық дастарханнан кейінгі асқазанның жұмысын қалпына келтірудің әдісін атады
Медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің медицина факультетінің доценті Андрей Бобровский Sputnik радиосына берген сұхбатында жаңа жылдық мерекеден кейін асқазан жұмысын қайта қалпына келтіру әдісін атады.
Оның айтуынша, таза су денсаулықты жақсартады. Сондай-ақ, суда еритін дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігін толықтыратын сусындар да тиімді.
Бұған дейін диетологтар жаңа жылдық мерекелерде артық салмақ қсоспас үшін алкоголь мен жемістердің мөлшерін бақылау қажет екенін ескерткен.
Жаңа сығылған шырындар жақсы, бірақ, әрине, ас қорыту жүйесіне байланысты барлық шектеулер мен қарсы көрсетілімдермен бірге. Микроэлементтерге бай емес асхана минералды сусындары да пайдалы, - деді маман.Сонымен қатар, айран және басқа да сүт өнімдері асқазанның жұмысын қалпына келтіруге көмектеседі. Диетолог таңертең тұздалған қиярдың тұзды сусынын ішуге кеңес бермейді, өйткені бұл ең «ең пайдасыз таңертеңгі сусын».
Бұған дейін диетологтар жаңа жылдық мерекелерде артық салмақ қсоспас үшін алкоголь мен жемістердің мөлшерін бақылау қажет екенін ескерткен.