Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сыр қаламгері үздік атанды

Сыр қаламгері үздік атанды

Бүгінге дейін баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2020» Ұлттық сыйлығы үш мәрте өткізілді. Қаламгерлер арасындағы дәстүрлі додада жерлесіміз Нұрсұлтан Мықтыбаевтың жұмысы «Жыл репортажы» номинациясына бойынша 159 өтінімнің ішінен үздік табылып, жеңімпаз атанды.

- Адамзат баласына қиын сынақ әкелген коронавирус инфекциясы туралы жасалған репортажымды ұсындым. Нақты айтсам, пандемия кезіндегі дәрігер, полиция және әскери қызметкерлердің өмірін көрсеттім. Айтулы күні әріптестерім құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді. Бұл деген Сыр журналистерінің ауызбіршілігінің айнасы екенін көрсетті. Барлығына алғасымды айтамын,-деді Нұрсұлтан Мықтыбаев.

«Үркер» ұлттық сыйлығына 11 аталым бойынша 470 қатысушыдан өтінім келіп түсті. Әр аталым үздігіне «Үркер» естелік мүсіншесі мен миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.

19 қараша 2020 ж. 571 0