Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында еріктілер қозғалысы қарқын алуда

Қызылорда облысында еріктілер қозғалысы қарқын алуда

2020 жылды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер жылы деп жариялады. Мемлекет басшысы өз сөзінде "Биылғы жыл біздің елде қайырымды істер уақыты" деді.

Қызылорда облысында, республика бойынша 2020 жылдың басында алғашқылардың бірі болып азаматтық қоғам өкілдерінің бастамасымен "Сыр еріктілері штабы" құрылып, ол өз қанатының астына Арал өңірінің барлық еріктілерін біріктірді. Ағымдағы жылдың ақпан айында өңірдің жас еріктілері волонтерлік қозғалысты дамытудағы белсенділігі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен "BIRGEMIZ" волонтерлердің республикалық фронт-офисін іске қосу рәсіміне қатысуға мүмкіндік алды.

Бүгінде өңірдегі еріктілер қозғалысы қарқын алуда, облыстық Фронт-офисте 695 волонтер бар. Олар жыл басынан бер жүзден астам игі істерді жасап үлгерді. Олар пандемия кезінде де көптеген жұмыстар атқарып, өңірде эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына барынша үлес қосты. Пандемия кезінде Сырдың жас еріктілерінің күшімен 8,5 мың мұқтаж отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, 5 мыңға жуық көп балалы және мұқтаж отбасылардың оқушыларына оқуға қажетті керек-жарақтары табыс етті. Өңірдің 255 медицина қызметкерінің отбасына азық-түлік жеткізді, 1700 медицина қызметкері толыққанды ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы бастамашылық еткен 7 жалпыұлттық жоба бойынша700-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда,білім беру бағыты- Bilim, өмірлік қиын жағдайдағы адамдар, қарттар, арнайы күтім жасайтын мекемелерде жүрген адамдар, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсету- Qamqor, техногендік апаттарды жою, ТЖ- Úmit, тәлімгерлік- sabaqtastyq,экология- Taza Álem, медицина- Saúlyq және рухани-мәдени және тарихи құндылықтар – Asyl mura.

Облыстың жас еріктілері мен кәсіпкерлерінің күшімен жыл басынан бері облыстың Қармақшы, Сырдария, Жаңақорған, Қазалы аудандарында тұрмысы төмен отбасылар, жалғыз басты қарт адамдар үшін 11 тұрғын үй салынды.

Сыр жастары су тасқынынан зардап шеккен Мақтарал тұрғындары үшін азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық керек-жарақтарды жинауға да белсене қатысты.

Волонтерлік қызмет осы жылмен аяқталып қалмайды, ол әрі қарай да жалғаса береді, өйткені, оның барлық уақытта да маңыздылығы зор.
01 қараша 2020 ж. 419 0