Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы өңірлік екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесті

Аймақ басшысы өңірлік екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірлік екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуде қазіргі экономикалық ахуал жағдайында жаңа өндіріс көздерін ашу, жұмыс орындарын құру мақсатында бизнесті несиелендіру мәселелері талқыланды.

-Пандемия кезінде Үкімет тарапынан бизнесті қолдау шараларының аясы кеңейтіліп, қаражаттар көлемі ұлғайтылды. Бұл ретте банктер мен қаржы ұйымдары әкімшілік кедергілерді барынша қысқартып, мемлекеттің қаржылай қолдау шараларын микро және шағын бизнеске бағыттау қажет, - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Облыста шағын және орта бизнес саласында 52 мыңнан аса субъекті тіркелген болса, соның төтенше жағдай кезеңінде 74 пайызының қызметі тоқтатылды. Экономиканың түрлі салаларында 10 мыңнан аса кәсіпкерлер зардап шекті.

Осы орайда, өңірдегі 51 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектісіне салықтық жеңілдіктер қарастырылып, 9 мыңға жуық кәсіпкерлер әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіндегі төлемдерден босатылды.

Сондай-ақ, облыс бойынша 8822 сауда алаңдары жалпы құны 695,8 млн. теңге көлемінде жалдамалық төлемдерден босатылды.

Төтенше жағдай кезеңінде 8 мың шағын және орта бизнес субъектісінің жалпы 10 млрд. теңгеден астатын несиелері бойынша төлемдері кейінге шегерілді.

Ағымдағы жылы "Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында қаралған қаражат шамамен екі есеге, яғни 1,7 млрд. теңгеден 3 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Бұдан өзге, "Қарапайым заттардың экономикасы" бағдарламасы аясында қаралған қаражат көлемі 1,5 есеге дейін артты.

Сонымен бірге, банктердің назарынан тыс қалған жобаларды қолдау мақсатында жеңілдетіл
11 қыркүйек 2020 ж. 384 0