Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат табиғи қорықтар туралы заң жобасын қарайды

Сенат табиғи қорықтар туралы заң жобасын қарайды

10 қыркүйекте өтетін Сенаттың пленарлық отырысында табиғи қорықтар туралы заң жобасын қарайтын болады, – деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы бүгінгі Сенат бюросының отырысында мәлім болды. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжілістен түскен екі заң жобасы Сенат комитеттерінің қарауына жіберілді. Атап айтқанда, қаржы және бюджет комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың қызметіне қатысты ауқымды заң жобасын қарайды.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті қарайды.
07 қыркүйек 2020 ж. 456 0