Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел Президенті жаңа жолдау туралы айтты

Ел Президенті жаңа жолдау туралы айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрмен кездесуде жаңа жолдау не туралы болатынын айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz

Президенттің айтуынша, пандемия кезінде және одан кейінгі уақытта үкімет алдында экономиканың жоспарлы дамуы мен азаматтардың әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ету міндеті тұр.

"Қазіргі уақытта жаңа экономикалық бағытты әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол алдағы жолдаудың негізгі бөлігін құрайтын болады", - деді Тоқаев.

Үкімет басшысы Тоқаевқа барлық өңірлердегі тұрақтандыру қоры қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылғанын айтты. Ауруханаларды өкпені жасанды желдету және оттегі концентраторларымен қамтамасыз ету жұмысы жүріп жатқанын жеткізді.

"Еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың саны 2,1 пайызға төмендеді. Ауруханалардағы індетке шалдыққан азаматтарға арналған жалпы төсек-орын 30,4 мыңнан 49,7 мыңға дейін көбейді. Соның есебінен реанимациядағы орындарға қажеттілік 12 процентке, станционарда 25 процентке азайды", - деді премьер-министр.

Сондай-ақ, ол COVID-19 індетінен жазылып шыққандар 63%-ке артып, жедел жәрдем шақыртушылар саны 31%-ке төмендегенін айтты.

Асқар Мамин президентке шектеу шаралары кезінде кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, жұмыспен қамту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде есеп берді.




24 шілде 2020 ж. 496 0