Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жетістікке жетем десеңіз, іске кірісіңіз

Жетістікке жетем десеңіз, іске кірісіңіз


Өзіңіз жөнінде жаман ойларды санадан қуып шығыңыз. Сіз бірегей тұлғасыз, өзіңізге деген сенімді жоғалтсаңыз, сізді мынау ғажайып өмірге әкелген тылсым күштің тамырына балта шабасыз. Осы жайды жиі еске түсіріңіз.

Сәтсіздік деген жоқ, тәжірибе деген ұғым ғана бар. Мақсатқа жетер жолда кедергіге кезіксеңіз, тура жолдың бұралаңын түзетіп алар мүмкіндік деп қабылдаңыз.

Ісіңізді әрдайым бақылауда ұстаңыз. Сіз кімсіз, қай жердесіз, дәл қазір немен айналысып отырсыз – бұл сұрақтар бос сандалудан арылуға көмектеседі. Қозғалысты ешқашан тоқтатпаңыз. Бір орыннан жылжымасаңыз, өзгелер өрлегенде, сіз төменде қаласыз.

Сіз туралы өзгелер не ойласа да – ол сіздің ісіңіз емес. Сіз жүрген жолда шаңыңызға ілесе алмаған жан өзіңіз туралы бірдеңе десе, оның бәтуасыз сөзін құлаққа ілмеңіз. Жетілген тұлға өзгелерді сөз етіп, артық-кемін жіпке тізуге уақыты артылмайды. Қиындықпен күресуге қорқатын, өмірде жолы болмағандардың мылжыңы түк қызық емес.

Іске кірісіңіз. Қолға алған ісі дұрыс па, бұрыс па – мұны дер кезінде ешкім де біліп болмайды. Күдіктен үмітті көбейтіп, ойды жүзеге асырыңыз. Әрекет – сенімсіздік пен қорқынышқа қарсы тұрар мықты құрал.
26 ақпан 2018 ж. 1 079 0