Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 26 газет

01 сәуір 2023 ж.

№ 25 газет

28 наурыз 2023 ж.

№ 24 газет

25 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Бас мүфти жиын-той мен садақа астарға мүмкіндігінше бармауға шақырды

Бас мүфти жиын-той мен садақа астарға мүмкіндігінше бармауға шақырды

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының COVID-19 коронавирусі кезінде жаназа және құдайы ас өткізуге қатысты арнайы баспасөз мәслихатын өткізді, – деп хабарлайды syrboyi.kz.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин талаптарын қатаң сақтап, жиын-тойлар мен садақа астарға мүмкіндігінше бармауға шақырды.

«Қазақ халқы торқалы той мен топырақты өлімде төбе көрсетуді өзінің міндеті санайды. Тойда тілек айту немесе кісі қайтқанда оған бір уыс топырақ салу – салтымызға сіңген ғұрыптың бірі.

Алайда адамның ғұмыры – Алланың аманаты. Оған адал болу – адамдық борыш. Немқұрайлы қарау – қауіп пен қатерге апарады. Сондықтан елдегі барша жамағатты осы бір қиын кезеңде барынша сақтануға, жиын-тойлар мен садақа астарға мүмкіндігінше бармауға шақырамын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
05 шілде 2020 ж. 378 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам