Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бірнеше аймағына дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше аймағына дабылды ескерту жарияланды

"Қазгидрометтің" дерегі бойынша еліміздің бірқатар аймағында ауа райы күрт бұзылады, деп хабарлайды Egemen.kz

2020 жылдың 28 маусым сағат 21:00-ден 29 маусым 21:00-ге дейін:

Нұр-Сұлтан қаласы – найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

Көкшетау қаласы – түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

Қостанай облысы – кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы – кей жерлерде найзағай, бұршақ, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.      

Орал қаласы – найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысы – кей жерлерінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласы – найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

Қызылорда облысы – оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-100%
28 маусым 2020 ж. 294 0