Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Халық алғысы» медалі табысталды

«Халық алғысы» медалі табысталды

«Biz Birgemiz» жалпыұлттық онлайн-форумының ашылу салтанаты өтті. Шарада Мемлекет басшысы бейнеүндеу жолдады, – деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Құрметті отандастар! Бүгінде әлемдегі барлық елдер, соның ішінде Қазақстан да коронавирус індетіне қарсы күрес жүргізуде. Бұл – әрине, өте ауқымды әрі күрделі жұмыс. Осыған орай мемлекет тарапынан теңдессіз шаралар қабылданды. Коронавируспен күресу үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Шағын және орта бизнес өкілдеріне бірқатар жеңілдік жасалды. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан да көлемді қаржы бөлініп, мұқтаж жандарға нақты көмек беріліп жатыр. Бұл жұмысты "Nur Otan" партиясы белсенді түрде жүзеге асыруда. Осының бәрі бірлігіміздің бекемдігін көрсетеді», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шара барысында өңір әкімдері коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы шепте жүріп, ерлік көрсеткен бірқатар азаматтарға Қазақстан Президенті тағайындаған «Халық алғысы» арнаулы медалін табыстады.

Қызылорда облысынан қалалық көп бейінді ауруханасының терапевт дәрігері Серікбол Сапарбаев, Қармақшы аудандық ауруханасы мейіргері, пост қызметкері Дариха Досаева, облыстық полиция департаментінің қызмет инспекторы Абзал Тасмағанбетов, «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мұрат Сәрсенбаев, азаматтық қоғам өкілі, «Бітім» Медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ләззат Бақтыбаева, «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері Нұрлыбек Сеилханов, облыстық «Qyzylorda» телеарнасының арнаулы тілшісі Тәжімұрат Әлжанов марапатталды.
24 маусым 2020 ж. 408 0