Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ізгі тілектер Тұңғыш Президентке күш береді - Айдос Үкібай

Ізгі тілектер Тұңғыш Президентке күш береді - Айдос Үкібай

Елбасы толассыз келіп жатқан жеделхаттар мен ізгі тілектерді оқиды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Елбасы басқа мемлекеттердің көшбасшыларынан немесе түрлі еңбек ұжымдарынан барлық жеделхаттар мен хаттарды оқып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев үшін барлық хаттар бірдей қымбат. Адамдардың бірлігі, олардың ізгі тілектері Тұңғыш Президентке күш береді", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.
 
Еске сала кетейік, 18 маусым күні Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқшауланды.

21 маусым 2020 ж. 474 0