Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ҰБТ уақыты кейінге шегеріле ме?

ҰБТ уақыты кейінге шегеріле ме?

Ұлттық бірыңғай тестілеу өзінің мерзімінде өткізіледі деп жоспарланған. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифингіде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Брифинг барысында «карантин ұзарып жатса Ұлттық бірыңғай тестілеудің уақыты кейінге шегеріле ме?» деген сауал қойылды.
«Бұл суалды ата-аналар қойып отыр. Бүгінде бұл бағытта шешім қабылданған жоқ, әлі ертерек. Өйткені санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалай өзгеретіні әзірге беймәлім. Сондықтан жағдайға байланысты Білім және ғылым министрлігі толық ақпаратты беретін болады. Бүгінде Ұлттық бірыңғай тестілеу өзінің мерзімінде өткізіледі деп жоспарланған. Сәйкесінше, басқа өзгерістер енгізілмеді», - деді Ш. Каринова.
Сонымен қатар ол жоғары сынып оқушыларын аттестау мәселесіне де тоқталды.
«Қорытынды аттестауға қатысты, яғни 9-шы және 11-ші сынып оқушыларын аттестауға қатысты ата-аналар сұрап жатыр. Бұл тақырыпқа қатысты қосымша хабарлаймыз. Қазіргі негізгі мақсат - IV тоқсанды қашықтан оқыту», - деді вице-министр.

02 сәуір 2020 ж. 997 0