Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 30 наурызға арналған ауа-райы болжамы

30 наурызға арналған ауа-райы болжамы

30 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды baq.kz

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тек оңтүстік-батыста күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Өңірлерде тұман, екпінді жел сақталады, оңтүстікте сондай-ақ шаңды дауыл болады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с артады.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде 16 м/с екпінде жел тұрады.
30 наурыз 2020 ж. 288 0