Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Қалжың қалта

Бір күні мұғалім сыныптағы оқушыларына жақсы адам болу, адамдарға жақсылық жасау туралы айтып, тәрбие сағатын өткізеді. Ертеңіне бір оқушысы қолын көтеріп:
– Апай, мен кеше көзі көрмейтін кісіні жолдан өткізіп жібердім, – дейді. Мұғалім:
– Бәрекелді, жарайсың Мақсат! – деп мақтайды. Оның артынша тағы бір оқушысы қолын көтереді де:
– Апай мен кеше Мақсатқа әлгі соқыр кісіні жолдан өткізуге көмектестім, – дейді. Апай:
– Неге, Мақсат өзі өткізе алмас па еді?
– Жоқ, ол кісі жолдан өткісі келмеді, біз оны мәжбүрлеп өткіз­дік, –  деген екен.
***
– Бұл  кім?
– Тонаушылармыз!
– Сендерге не керек?
– Алтын.
– 75 келілік пе, 75 грамдық па?
– 75 келілік.
Отағасы әйеліне қарап жымияды:
– Бара ғой, алтыным, саған кісілер келіп тұр.
***
– Қараңызшы, – деп күйінеді көр­шісі, – Неткен бейбастықтық.  Сіздің үш балаңыз тағы біздің алма ағашқа шығып алып, бұта аралап отыр.
– Құдай-ай, – деп көрші әйел жан-жағына алаңдайды. – Төртіншісі қайда екен?!
***
Емтиханда:
– Мен саған бір-ақ сұрақ қоямын: Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
– Гитлер опасыздықпен Кеңес Одағына басып кіргенде.
– Мен саған нақты жылын айт деп тұрмын.
– Ағай, бір-ақ сұрақ қоямын дегеніңіз қайда?
***
Екі құрылысшы жаңа салынып жатқан үйде қабырғалардың дыбыс өткізбейтіндігін тексеріп жүр:
– Қалай, Бәке! Мені естіп тұрсың ба?
– Айғайлама! Мен сені көріп тұрмын.
29 ақпан 2020 ж. 723 0