Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бүгін құбылмалы ауа райы күтіледі

Бүгін құбылмалы ауа райы күтіледі

«Қазгидромет» РМК 29 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын болады. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қосатанай облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, кей жерлерде Павлодар, түнде кей жерлерде Қостанай облыстарында жел 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысында түнде жел 15-20, кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-25 м/с күшейеді.

Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Қостанай түнде Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.


29 қазан 2019 ж. 391 0