Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазан айына арналған ауа-райы болжамы

Қазан айына арналған ауа-райы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, қазан айының басында республиканың басым аумағында күн қайта жылынады, сынап бағанасы 28 градусқа дейін көтеріледі.
Қазгидромет" РМК қазан айындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы аптада республиканың басым аумағында күн жылынады, қазақстандықтар үшін қолайлы ауа райы болады. Ауа температурасының көтерілуі Иран аудандарынан ығысатын ауа массаларымен байланысты.
"Сынап бағанасы күндіз солтүстікте 15…23°C дейін, ал оңтүстік аймақтарда 20…28°C дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қазан айының басында солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -2…-10°C аяз сақталады, кей жерлерде 3°C жылы болады.
"Бірінші онкүндіктің соңында Ресейдің еуропалық аумағынан суық ауа массаларының келуімен күн суытады, алдымен батыста, содан кейін республиканың қалған аумағында жауын-шашын болады", - деп болжап отыр синоптиктер.


02 қазан 2019 ж. 702 0