Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Емханаларға тіркелу жалғасуда

Емханаларға тіркелу жалғасуда

Тұрғындар 15 қыркүйек – 15 қараша аралығында мекен-жайларына қарасты емханаларға тіркеле алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының директоры Руслан Бектібаев мәлімдеді.
Өткен жылы облыстың 13 491 тұрғыны емханаларға өз қалауы бойынша тіркелу науқанында өз мүмкіндіктерін пайдаланған. Қазір облыста тіркелім бойынша 776 651 тұрғын бар.
Өткен жылы облыс халқын 19 емхана тіркеуге алса, оның 13-і мемлекеттік, 6-уы жекеменшік емхана.
2019 жылы 20 емхана тіркеу науқанына қатысса, 13-і мемлекеттік, 7-уі жекеменшік иесі. Тіркелген азаматтардың жалпы санының көпшілігі – 77,5% мемлекеттік клиникаларда тіркелген, қалған 22,5% жеке клиникаларды таңдаған.
Емханаларға тіркеу не үшін қажет?
Егер тұрғылықты мекен-жайы бойынша қаралып жүрген емхана көңіліңізден шықпаған жағдайда емхананы ауыстыру құқығын беруге және нарықтың жаңа қатысушыларына халыққа қызмет көрсету тапсырыстарын қабылдауға мүмкіндік беру үшін жасалады. Биыл емханаларға өз қалауымен тіркелуі «eGov» электронды үкімет веб-порталы арқылы жасалады.

«ТТ» ақпарат
24 қыркүйек 2019 ж. 510 0