Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Нәр берген ән-бұлақтан» атты ардагер - ұстаздар байқауы өтті

«Нәр берген ән-бұлақтан» атты ардагер - ұстаздар байқауы өтті

2023 жылдың 13 ақпан күні Қызылорда қаласындағы Б.Момынбаев атындағы №278 орта мектеп базасында Қызылорда облысының білім саласындағы ардагерлер кеңесі және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақ вальсінің королі» Ш.Қалдаяқовты еске алу кешіне арналған «Нәр берген ән-бұлақтан» тақырыбында облыстық байқау өткізілді.

Шоқтығы биік, ән әлеміне жарық жұлдыздай сәуле шашқан ұлы композитордың атын ұлықтайтын, үш кезеңнен тұратын байқауда әр аудан, қаланың ардагер-ұстаздары өзара бақ сынады.

Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығы бойынша бір ән, вальс және сазгердің өмірінен викториналық сұрақтарға жауап беріп, байқау шарттарын жоғары деңгейде орындай білген Сырдариялық ардагер - ұстаздарымыз өрнекті өнерлерімен көзге түсіп, жүзден жүйрік атанды. Жүлделі І орынды қанжығаларына байлады.

Өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі ардагер-ұстаздарымызды әрқашан мақтан тұтамыз.

МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !!!

14 ақпан 2024 ж. 364 0