Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Саятшылық – сан ғасырлық құндылық

Саятшылық – сан ғасырлық құндылық

Тереңөзек қойнауында небір тарихи құндылық сақтаулы десек, қателеспейміз. Жер-су атауының ішіне бүккен сыры көпшілікке беймәлім. Бұрнағы күні мемлекеттік саланың бүге-шүгесіне тереңнен қаныққан еңбек ардагері Марат Омаров «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына саятшылық жортуыл кезіндегі таспаланған суретін жүктеген болатын. Сурет авторы – аңшылық кезінде айнымас серігіне айналған Асылбек Палымбетов. Өз кезегінде «Бір суреттің тарихы» айдары аясында ерекше естелік болып қалған фотоның мән-мағынасына жан-жақты қаныққан едік.

Осыдан бірнеше жыл бұрын аңшылыққа шыққан тереңөзектік саятшылар «Қалғандарияның» төменгі ағысында орналасқан «Жансымақ» қонысына табан тірейді. Қыс мезгілінде қалың қарда із кескен олардың қанжығасы байланып, бірнеше аң-құс аулайды. Дархан далада еркіндікті сезінген Марат Омаров аңшылықты 43 жыл бұрын бастаған екен. Алғаш қазіргі Нағи Ілиясов ауылына гидротехник маман ретінде келген оның дарияның су деңгейін бақылаудағы қызметінің жауапкершілігі зор болған. Осындайда қолына мылтығын алып, аңшылыққа бейімделген. Сөз басында Тереңөзектің тарихи орындары жөнінде сөзді бекерден-бекер қозғаған жоқпыз. Негізінен, «Жансымақ» қонысына ертеректен қалыптасқан тарихы ел есінде.

– Әлеуметтік желіге жүктелген сурет жөнінде көпшілік жылы лебіздерін білдіруде. Бәріміз ауылдан түлеп ұшқаннан кейін ата-бабадан қалған кәсіпті меңгерген едік. Саятшылық кезінде олжамызды ортаға салып, көңіліміз марқайған тұста Асылбек бауырымыз естелікке түсіріп алған еді. Негізінен, Тереңөзек кентінде Жансымақ деген емші кісі болған. Әулиелігі басым оның сынықшылық қасиеті ел-жұртқа жайылған. Біз бар жер сол кісінің атымен аталып кеткен. Дария бойын жағалай қоныстанған ел-халықтың мекен еткен жері жас ұрпаққа үлгі боларлық құндылықтарға бай. Жас кезімізден біз ауыл ақсақалдарының өткенді зерделеп айтқан есті әңгімесін естіп есейгендіктен, аңшылықты ешқашан тастағымыз келмейді. Туған жердің суы, тасы құмы біз үшін әркез қадірлі саналады, – дейді Марат Омаров.

Бұл мылтық қашырғандай бір құтымды,
Аң-құсы орман, көлдің үркітілді.
Қырға мен шығар едім тұлпар мініп,
Қондырып иығыма бүркітімді, – деп ақын Қадыр Мырза Әли жырлағандай, рухы биік қазақ барда саятшылық өнер мәңгілік кенжелеп қалмасы анық.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
16 қаңтар 2024 ж. 279 0