Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің алдағы жекпе-жектегі қарсыласы аталды

Головкиннің алдағы жекпе-жектегі қарсыласы аталды


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Әлемдік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы Каллум Смиттің промоутері Эдди Хирнмен келіссөзді бастап кетті.

Биылғы жылдың қыркүйек айында WBA Super чемпиондық атағын жеңіп алған және Әлемдік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы атанған Смит 2019 жылдың мамыр айында Головкинмен жекпе-жек өткізуі мүмкін.
Talksport.com басылымының журналисі Майкл Бенсонның мәліметінше, спортшылардың промоутерлері алдағы жекпе-жек жөнінде ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар ол жекпе-жектің Ұлыбританиядағы «Энфилд» стадионында өтуі мүмкін екенін айтты. Ол жерде боксшылар WBA және The Ring журналының орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атағы үшін айқасатын болады.


http://stan.kz/
09 қараша 2018 ж. 738 0