Бақтияр Артаев: Келесі айда өңірде бокс клубы ашылады

– Біздегі спортшыларды олимпиадалық деңгейі бар елдерге тәжірибе алмасуға жіберу керек. Бәсекелестік бар жерде нәтиже болады. Соған жұмыс жасайтын боламыз. Қазірде “Тарлан” спорт кешенін спорт басқармасының теңгеріміне алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол мәселені артынан қалмай жүріп бітірдім.Жоспарлар сәтімен болса келесі айда Қызылордада бокс клубы ашылады. Оның басшылығына Қамшыбек Қоңқабаевқа ұсыныс жасаймыз. Ол кісі елге қызмет жасаймын десе қолдау болады. Одан бөлек Құлахмет Тұрсынбай мен Руслан Сыбаевты қарастырудамыз,- деді Бақтияр Ғарифуллаұлы.