Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері сала министрлігінің апталық шолу хабарламасында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Шахмат: Блиц-шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Шымкентте өткен Гран-при жарысының екінші кезеңінде қола жүлдегер атанды. Ол 9 турда 2487 ұпай жинады.
Шайбалы хоккей: Алматыда шайбалы хоккейден алғаш рет ұйымдастырылған Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы топ жарды. Шешуші матчта жерлестеріміз Жапониядан 5:1 есебімен басым түсті.
Үстел теннисі: Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде Жәния Бекмұхамбетова қола жүлдегер атанды. Ол 13 жасқа дейінгі ойыншылар арасында сынға түсті.
Сондай-ақ Алан Құрманғалиев Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы WTT Youth Contender Szombathely 2024 халықаралық турнирінде үшінші орынды еншіледі.
Жүзу: Гонконгта ашық айдында жүзуден Азия чемпионатында отандасымыз Лев Черепанов мәрені үшінші болып кесіп, қола жүлдегер атанды.
Триатлон: Сауд Арабиясының Әл-Джубаил қаласында өткен U23 жас санатындағы Азия чемпионатында жерлестеріміз 1 күміс, 1 қола медаль иеленді.
Арбадағы теннис: Грекияның Месин қаласында ұйымдастырылған ITF Wheelchair Tennis Tour турнирінде Жанна Үмітқұлова күміс жүлде олжалады.
Самбо: Спорттық, жауынгерлік және зағип жандар бойынша ересектер арасында Елордада өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медальдармен жалпыкомандалық есепте 2-орынды еншіледі.

Фото: Turizm jane sport ministrligi
11 қараша 2024 ж. 187 0