Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Париж: 2024: Олимпиадаға арналған мобильді қосымша пайда болды

Париж: 2024: Олимпиадаға арналған мобильді қосымша пайда болды

Енді App Store мен Google Play-дан Paris 2024 Olympics атты жаңа мобильді қосымшаны жүктеп алуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туризм және спорт мнистрлігінің мәліметінше, сіз Парижде я болмаса өз үйіңізде отырып-ақ осы қолданба арқылы Олимпиадаға қатысты барлық ақпаратты біліп, бақылап отыра аласыз.
«Paris 2024 Olympics» ішінде сізді ойындарға жақын ету үшін қажет интерфейстің бәрі бар.

Қолданбада сіз мыналарды таба аласыз:

- Сізді қызықтыратын барлық ақпарат - «басты» (басты бет).
- «Менің оқиғаларым». Сіз бұл бөлімді сеанстарды басқару, билеттер туралы ақпаратты көру және Олимпиадада қандай жарыстарда болғаныңыз жайлы ақпарат алу үшін пайдалана аласыз!
- «Билеттер». Егер сіз билетті сатып алғыңыз келсе немесе билетті мобильді қосымшаға тіркегіңіз келсе, осы бөлімге өтіңіз.
- «Кесте». Бұл бөлімде сіз спортшылардың өнер көрсету кестесін және жарыс кестесін таба аласыз.
- «Алау эстафетасы» бөлімі бүкіл Франция мен шетелде эстафетаның жүріп өткен бағытын мұқият қадағалауға мүмкіндік береді.
- «Ойын картасы» сізге жақын жерде өтетін жарысқа қатысты барлық іс-шараны көрсетеді. Мерекелер, Мәдени іс-шаралар, ұлттық құрамалардың үйлері және фанаттарға арналған аймақтар.

Фото: «Egemen Qazaqstan»
14 шілде 2024 ж. 120 0