Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Исламиадада көркем гимнастика шеберлері қола жүлде алды

Исламиадада көркем гимнастика шеберлері қола жүлде алды

Қазақстандық көркем гимнастика шеберлері Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс барысында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы командалық көпсайыста үздік үштіктен көрінді.

Дәл осындай жетістікке көпсайыстан ел құрамасы топтық көрсеткіште қол жеткізді.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додада 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Исламиадада қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды.

Сондай- ақ, қазақстандық таеквондошы Бауыржан Хасенов Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды.
14 тамыз 2022 ж. 443 0