Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Талғат Сырбаз еркін күрестен Олимпиада жолдамасы үшін бәсекеге түсетін болды

Талғат Сырбаз еркін күрестен Олимпиада жолдамасы үшін бәсекеге түсетін болды

Бішкекте өткен Олимпиада жолдамасы сарапқа салынған додада спортшыларымыз 57 келі, 65 келі, 74 келі салмақтар бойынша жолдаманы жеңе алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін ресми түрде Республикалық күрес түрлері федерациясының шешімімен 9-12 мамыр аралығы Түркия елінде өтетін жолдама үшін таласқа ұлттық құрама сапындағы екінші нөмерлі палуандар қатысады. 

Қуанышты хабар аталған жарысқа 74 келі салмақтағы екінші нөмерлі палуан Атырау облысының белді спортшысы Талғат Сырбаз қатысатын болады.

Ол Париж Олимпиадасы жолдамасы үшін ел намысын қорғайды.

Еркін күрестен 74 келі салмақтағы Ұлттық құрама сапындағы бірінші нөмерлі палуан Нұрқожа Қайпанов Олимпиада жолдамасы үшін әлем чемпионаты және Азиялық іріктеу турнирінде жолдамаға қол жеткізе алмауына байланысты Түркияда өтетін іріктеу турниріне жолдама үшін құрама сапындағы екінші нөмерлі атыраулық палуан Талғат Сырбаз бақ сынайтын болады.
21 сәуір 2024 ж. 281 0