Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Абат Айымбетов ресми түрде түркиялық футбол клубына ауысты

Абат Айымбетов ресми түрде түркиялық футбол клубына ауысты

Қазақстандық футболшы Абат Айымбетов ресми түрде Түркияның «Адана Демирспор» клубына мүше болды. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белгілі болғандай, келісімшарт 1,5+1 жүйесі негізінде жасалған. Ол түркиялық командада сенегалдық шабуылшы Мбайе Ньянгудің орнын баспақ.

Абат Айымбетов 1995 жылы 7 тамызда Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген.

Футболдағы алғашқы қадамын 2012 жылы «Ақтөбе» командасында бастады. Кейін алматылық «Қайрат», елордалық «Астана» клубтарында ойнады.

Ұлттық құрама сапында 2019 жылдан бері 35 ойында 9 гол соғып үлгерді.

2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында ұлттық құрама сапында 9 ойында 3 голдың авторы атанды.

Ал «Адана Демирспор» 2021/22 жылғы маусымнан бері Түркия суперлигасында ойын көрсетіп келеді. Бүгінде Түркия суперлигасының 23-турынан кейін команда 31 ұпаймен сегізінші орында тұр.



Фото: bassport.kz
02 ақпан 2024 ж. 64 0